Ғылыми қызметкерлер саны 28 мыңнан асты

Қазақстан білім экономикасына көшіп жатыр. Сондықтан ғылым, білім және инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстыру өте маңызды. 

Салада әлі де мемлекеттің үлесі басым. Жаңа патенттер, технологиялар мен өндірістер сияқты көзге көрінетін нақты нәтижелер жеткілікті емес. Инновациялық саясатты Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырына берген жөн. Министрлік және Ғылым академиясы бірлесіп, ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарын үйлестіру ісімен белсенді түрде айналысуы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған былтырғы Жолдауында осылай деген еді. Былтыр ғылыми зерттеулермен, әзірлемелермен айналысатын қызметкерлер саны 28 жарым мың адамға жуықтады. Ғылыми қоғамдастықтың жартысына жуығы жас зерттеушілерден құралған. Бүгінде жоғарыда айтылған тапсырманы орындау барысы қалай жүріп жатыр?

Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
- Маңызды нәтижелердің бірі – ғылымды қаржыландыру көлемінің тұрақты артуы. Президенттің сайлауалды бағдарламасына сәйкес ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын ішкі шығындар екі еседен астам артты. Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру ерекше назар аударылады. 2025 жылы ғана 1200-ден астам ғылыми зерттеу аяқталды. Бүгінде 241 инновациялық жоба жүзеге асырылады. Олардың көпшілігі өндіріске енгізіліп, экспорттық әлеуетке ие. 30-дан астам отандық әзірлеме халықаралық нарықтарға шықты.

Сондай-ақ оқыңыз: