Сауалнама: ел азаматтарының 86,7%-ы мемлекет басшысына сенеді
Отандастарымыздың 86,7 пайызы Мемлекет басшысына сенім білдіріп отыр. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа жоғары.
Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген қоғамдық-саяси ахуалға қатысты зерттеу нәтижесі осы. Сауалнамаға еліміздің 18 жастан асқан 2400 тұрғыны қатысқан. Респонденттердің 65,8 пайызы Президенттің бастамалары туралы ақпаратты тұрақты немесе ара-тұра алып тұратынын хабарлады. Қолдау тапқан бастамалардың қатарында бір палаталы Құрылтайға көшу, биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау және «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бар. Сонымен қатар технологиялық даму, атом энергетикасы, білім мен ғылым және «Таза Қазақстан» бастамалары қоғамның көңілінен шықты. Жалпы зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың елдегі жағдайды оң бағалап, мемлекеттік институттарға деген сенімінің тұрақты екенін көрсетеді.