Атырау облысында дропперлікке қатысты 11 іс сотқа жолданды

Атырау облысында дропперлік бойынша 45 дерек тіркеліп, 11 іс сотқа жолданды. 

Жалпы жыл басынан бері өңірде интернет-алаяқтыққа қатысты 120 қылмыстық іс соттың қарауына жіберілген. Алаяқтар жалған интернет-дүкендерде тауар сату, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып алдау немесе фишингтік сілтемелер жіберіп, тұрғындардың жеке деректерін ұрлау арқылы арам ойын жүзеге асырған. Қазір интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Дәурен Мұханбетәлиев, облыстық ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

- ҚР Қылмыстық Кодексінің 232-1 бабы бойынша жыл басынан бері 45 дерек тіркеліп, оның 11-і сотқа жолданған болатын. Өздерінің банк қызметкері болып немесе ішкі істер органдары қызметкері болып, қоңырау шалатын алаяқтар бар. Олар ең алдымен СМС-код арқылы сұрап, осы азаматтардың атына несие рәсімдетіп алады. Әрмен қарай ақша-қаражаттарын ортадағы дропперлер арқылы өздерінің криптовалют есепшоттарына аудартып жатады.

Сондай-ақ оқыңыз: