Қазақстанда бірқатар ішкі рейске 15% жеңілдік жарияланды

Фото: depositphotos.com

FlyArystan жекелеген ішкі рейстерге тариф құнынан 15% жеңілдік ұсынатын арнайы науқанды іске қосады, деп хабарлайды «24KZ».

Әуекомпаниясының мәліметінше, «Berekeli Beisenbi» – FlyArystan сайты мен қосымшасы арқылы жеңілдікке қол жеткізуге болады.  

2026 жылғы 17-18 қыркүйекте тек FlyArystan сайты мен мобильді қосымшасында, ұшу мерзімі 2026 жылғы 3 қарашадан 2027 жылғы 28 ақпанға дейінгі рейстерге арнайы ұсыныс жасалады. Жеңілдік мынадай бағыттарға берілмек:

Алматы – Өскемен – Алматы; Астана – Өскемен – Астана; Алматы – Түркістан – Алматы; Атырау – Шымкент – Атырау; Ақтау – Шымкент – Ақтау.

«Жеңілдік 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 7 қаңтарға дейінгі кезеңге қолданылмайды. Арнайы тариф бойынша билеттер саны шектеулі», – делінген ақпаратта.

 Сондай-ақ, FlyArystan стандартты тарифіне салмағы 7 келіге дейінгі және өлшемдері 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгі кіреді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Сондай-ақ оқыңыз: