Астана мен Алматыда демалыс күндері ауа райы қалай өзгереді?
«Қазгидромет» Астана мен Алматы қалаларының алдағы үш күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «24KZ».
Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері екі мегаполистегі ауа райы қарама-қарсы өзгереді. Астанада жаңбыр 19 қыркүйектен кейін тоқтаса, Алматыда керісінше, аптап ыстықтан кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.
Астанадағы ауа райы:
19 қыркүйек: Көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 3–8, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +19...+21°C.
20 қыркүйек: Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.
21 қыркүйек: Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +22...+24°C.
Алматыдағы ауа райы:
19 қыркүйек: Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +29...+31°C.
20 қыркүйек: Көшпелі бұлт шығады, күндіз екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады (3–8 м/с), күндіз екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +29...+31°C.
21 қыркүйек: Көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады (3–8 м/с), түнде екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C.