Алматыда ірі логистикалық орталық салып жатқан инвесторлардың құқығы қорғалды
Бас прокуратураның Инвесторлар құқықтарын қорғау комитетінің араласуымен шетелдік инвесторды негізсіз қылмыстық процеске тартуға жол берілмеді.
Инвестордың айтуынша, құзырлы органдар құрылыс аумағына тінту жүргізіп, техникаға мөр басқан. Бұл жағдай инвестициялық жобаның іске асуына кедергі келтіреді. Комитет өкілінің айтуынша, қылмыстық-процестік сипаттағы шараларды бизнеске қысым көрсету құралы ретінде қолдануға жол берілмейді.
Рауан Әлмішев, ҚР Бас Прокуратурасы инвесторлардың құқығын қорғау комитетінің прокуроры
- Инвесторлардың құқығын қорғау комитетіне шетелдік инвестор WildBerries компаниясы жүгінген. Ол өз өтінішінде құрылыс жүргізіп жатқан аумағында құқықтық қорғау органдарымен тергеу әрекеттерін жүргізгенін хабарлады. Осыған орай бұл жобаны жүзеге асыруға қауіп төнген. Комитет Алматы қаласы прокуратурасымен бірлесіп, жағдайды тез зерделеп, шаруашылық субьектілердің арасында даудың азаматтық құқықтық сипатта болғанын анықтады. Нәтижесінде қылмыстық іс тоқтатылып, инвестордың құқықтарын қорғадық.