Алматыдағы автотұрақта көліктер көп тұрмауға тиіс
Ал Алматыда 17 мыңнан аса автотұрақ бар. Мегаполисте 730 мың машина тіркеуде тұр. Оған қоса, күніне сырттан 300 мыңнан аса көлік кіреді. Ендігі мәселе – көлігін күнұзаққа қаңтарып кететіндер бар.
Тіпті, бірнеше күн тұра береді. Сол себепті орын да жоқ, кептеліс те көп.
Мәселені шешу үшін Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы автотұрақ құнын жол учаскесінің жүктемесіне қарай белгілеуді ұсынып отыр. Бұл орайда көлік қозғалысы қалыпты көшелерде баға өзгермейді, 100 теңге болып қала береді. Ал орташа жүктемедегі учаскелерде 150, ал көлік көп жүретін орталық көшелерде 200 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Жалпы мегаполисте коммуналдық автотұрақтың тарифі кейінгі 10 жылдан бері бері өзгермеген. Ал мұндай автотұрақ құны Ташкентте сағатына 220-450 теңге, Мәскеуде 2 мың мен 4 мың теңгенің аралығында.
Ержан Диханбаев, қалалық Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы:
- Бізде күніне саны млн-нан аса көлік пайдаланады. Өйткені олар көбінесе таңертеңнен кешке дейін ғана тұрады. Біздің мақсатымыз – ол мәселені шешу. Қысқа ғана уақытқа келетін көліктерге орын болуы керек. Таңертеңнен кешке дейін қалдыру деген дұрыс емес.
Ақылы тұрақтың дәл жанында орналасқан үйлердің тұрғындары тұраққа рұқсат рәсімдеп, автокөлігін тегін қоя алады. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға, көпбалалы аналарға және электромобиль иелеріне жеңілдік қарастырылған.