Air Astana қаза тапқан және аман қалған әскерилердің жақындарына тегін билет ұсынады

фото: depositphotos.com

Air Astana компаниялар тобы қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына, сондай-ақ Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшілердің өздеріне авиабилеттер ұсынады, деп хабарлайды 24KZ.

Билеттер 2026 жылғы 25 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі кезеңде орындалатын компаниялар тобының кез келген ішкі рейстеріне ұсынылады.

Жақын туыстарына ата-аналар, ерлі-зайыптылар, балалар, сондай-ақ туған аға-інілері мен апа-сіңлілері жатады.

Брондау кезінде туыстығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Билеттерді рәсімдеу үшін компаниялар тобының сату кеңселеріне, сондай-ақ басқа да байланыстар бойынша хабарласуды сұраймыз:

Air Astana
Брондау және ақпарат орталығы (24/7):
форманы толтыру қажет
https://help.airastana.com/forms/#/25dac2f182b044e1919d42d99ccaa8bd?lang=kk&tab=tab_1790308630760
WhatsApp: +7 702 702 00 74
Online chat: airastana.com

FlyArystan
help@flyarystan.com
8 727 331-10-10
WhatsApp +7 702 702 0227
Live Chat FlyArystan мобильді қосымшасында/ flyarystan.com сайтында

Сондай-ақ оқыңыз: