Respublica партиясы әскерилердің отбасыларына 100 млн теңге көмек көрсетеді

фото: ЖИ

Respublica партиясы Маңғыстау облысында Каспий теңізінде өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетеді, деп хабарлайды 24KZ.

Партия қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізді. Сондай-ақ зардап шеккен әскери қызметшілердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Respublica бүкіл елмен бірге қайғырады, – делінген партия мәлімдемесінде.

Сондай-ақ оқыңыз: