Ақмола облысында ТЖМ авиациясы жаңа туған нәрестені шұғыл жеткізді

Ақмола облысында құтқарушылар шұғыл медициналық көмекке мұқтаж нәрестені жеткізді, деп хабарлайды 24KZ ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап. 

Жаңа туған нәрестеге бейінді медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен Көкшетау – Степногорск – Көкшетау бағыты бойынша санитариялық рейс орындалды. Кішкентай пациентке шұғыл медициналық көмек қажет болды. Тікұшақ экипажы мен медицина мамандары баланы медициналық мекемеге жедел жеткізді. 

Сондай-ақ оқыңыз: