ШҚО-да 700 мың тонна көмір қоры жасақталды

Шығыс Қазақстанда көмір қоры жасақталып жатыр. Қазір 700 мың тоннаға жуық қатты отын жиналды, деп хабарлайды 24KZ.

«Бұл әзірге жеткілікті», - дейді мамандар. Жиналған көмірдің жартысы жылу энергия орталықтарына бөлінсе, қалғаны тұрғындардың сұранысын қамтамасыз етуге қажет. Жалпы өңірде жылыту маусымын үзіліссіз өткізу үшін 3 млн тоннадан астам көмір керек. Жауаптылардың сөзінше, отын тасымалдауда кедергі жоқ. Қаражыра кеніші мен «Қазақстан темір жолы» арасында өзара келісімшарт жасалды. Көмір қоймаларға кестеге сай түсіріліп жатыр. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар отынмен толық қамтылды.

Арнұр Әскерхан, ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім маманы:

- Көмір өткізу 18 өңірлік оператормен жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда облыс тұрғындары үшін 324 мыңнан аса тонна көмір дайындалды. Бұл жалпы қажеттіліктің 72 пайызы болып саналады. Облыс тұйықтарында 11800 тонна көмір қоры сақталған.

Сондай-ақ оқыңыз: