Оралда педагогтарға арналған тимбилдинг өтті

Ұстаздар білім беру мәселелерін табиғат аясында талқылады. Оралда мұғалімдерге арналған тимбилдинг өтті. 

«Әділет» партиясы ұйымдастырған шараға өңірдегі барлық білім беру мекемелерінен 100-ден астам мұғалім мен мектеп директорлары келді. Сайыс «Мұғалім Talks» кейс-платформасы форматында өтті. Түрлі викториналар мен командалық тапсырмалар ұстаздардың тәжірибе алмасып, өзара тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Бауыржан Бектұрған, «Әділет» партиясы БҚО филиалы төрағасы:

- Бұл – Мұғалімдер күні қарсаңында ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған өзекті шара. Біз әкімдік өкілдерімен, облыстық және қалалық білім бөлімдерінің өкілдерімен бірлесе отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және білім беру саласындағы өзекті мәселелердің барлығын талқылаймыз. Түстен кейін шеберлік сағаттары өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз: