Алматыда «Тіл шебері» байқауы өтті

Болашақтың мұғалімі қандай болуы керек? Алматыда «Тіл шебері» байқауы өтіп, мұғалімдер осы тақырыпта бақ сынады. Жеңімпаздар әлеуметтік желідегі ашық дауыс беру арқылы анықталды.

Іс-шара Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат — заманауи, шығармашыл әрі белсенді мамандарды анықтау және қолдау. «Тіл шебері» атағына қазақ, орыс, ағылшын, француз және ұйғыр тілдерінің мұғалімдері таласты. Бас жүлде — Англияға жолдама. Байқауға екі жүзден аса адам қатысты. Байқау қорытындысы бойынша халықаралық конференцияға жолдаманы орыс тілі пәнінің мұғалімі Аида Ишанова иеленді. Өзге жүлдегерлерге түрлі номинациялар бойынша ақшалай сыйлықтар табысталды.

Дәурен Сағынғалиев, Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықтың директоры:

- Әрине, мұндай байқау педагогтердің кәсіби дамуына, олардың ізденісін арттыруға, қоғамдағы мәртебесін көтеруге және тіл мамандарының еңбегіне қызығушылық пен құрмет танытуға бағытталған үлкен шара. Бүгінгі салтанатты шараны да ұстазға құрметтің, ұстазға тағзымның бір белгісі деп қабылдаймыз.

Сондай-ақ оқыңыз: