Балқаш қаласының әлеуеті артып келеді

Биыл елдегі 11 мың шақырымнан астам автомобиль жолына құрылыс, қайт жөндеу және жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «24KZ». 

Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан астам автожол салынып, жөндеуден өткен. Әуежайды кешенді жаңғырту жұмыстары да назардан тыс қалмады. Үкімет басшысы Балқаш қаласына іссапары аясында Президенттің инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, ішкі әуе бағыттарын дамыту және туристік аумақтардың көлік қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асу барысын пысықтады. Шаһардағы 1967 жылы бой көтерген әуежайды жаңғырту мақсатында ұшу-қону жолағына шығатын жол мен перрон жаңадан салынып, ғимараттың тарихи сәулеттік келбеті сақтала отырып, әуевокзал ғимараты жөндеуден өтті. Терминалдың аумағы 2,7 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылып, әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 60-тан 80 жолаушыға дейін артты. Бұған қоса, ұшу қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін 11 жаңа арнайы техника және заманауи жабдық сатып алынған. Осылайша, әуежай инфрақұрылымы Халықаралық азаматтық авиация комитетінің талаптарына толықтай сәйкестендірілді.

Мейрамбек Мурзахметов, «Балқаш әуежайы» ЖШС директоры: 

– Балқаш әуежайы 2026 жылдың маусымынан бастап жұмысын қайта бастады. Қайта құру нәтижесінде әуежайдың инфрақұрылымы жаңартылып, ұшу қауіпсіздігі деңгейі артты. Сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасалды. 11 бірлік жаңа арнайы техника сатып алынды. Әуежай ашылғаннан бері жазғы маусымда Астана–Балқаш–Астана және Алматы–Балқаш–Алматы бағыттары бойынша 16 мың жолаушыға қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыз: