ШҚО-да өрт кезінде ТЖМ қызметкерлері 8 адамды эвакуациялады
Өскемен қаласындағы Гоголь көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды 24KZ ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері түтінге толған ғимараттан 8 адамды эвакуациялады. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында оттың одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт 100 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.