Астанада жеңілдікпен жол жүретіндер көлік картасын Tarlan Astana станцияларынан ала алады

фото: ЖИ

17 қазаннан бастап Астанадағы барлық Tarlan Astana станциясында мектеп оқушылары мен жеңілдікке құқығы бар азаматтарға арналған атаулы көлік карталарын рәсімдеуге болады, деп хабарлайды 24KZ CTS-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл қызмет тек Орталық кассада көрсетілсе, енді карталарды станциялардағы арнайы кассалардан да алуға мүмкіндік бар.

Бұл жаңашылдық елорда тұрғындары үшін қызметті қолжетімді ете түседі. Атаулы көлік картасымен автобустарда да, Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігінде де жол ақысын төлеуге болады.

Атаулы көлік картасын мына азаматтар рәсімдей алады:

·         Астанадағы оқу орындарында білім алатын 7-ден 18 жасқа дейінгі оқушылар;

·         Астанада тіркелген және тұрақты тұратын, қалалық мәслихат бекіткен жеңілдік санаттарына жататын азаматтар.

Мектеп оқушысына арналған көлік картасын рәсімдеу үшін:

·         ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігінің не паспортының түпнұсқасы;

·         баланың ЖСН-і көрсетілген туу туралы куәлігінің түпнұсқасы;

·         Астанадағы оқу орнынан берілген анықтаманың түпнұсқасы;

·         өлшемі 3×4 немесе 4×6 см түрлі түсті фотосурет қажет.

Жеңілдікке құқығы бар азаматтарға арналған көлік картасын рәсімдеу үшін:

·         жеке куәліктің немесе паспорттың түпнұсқасы;

·         зейнеткерлік куәліктің түпнұсқасы;

·         өлшемі 3×4 немесе 4×6 см түрлі түсті фотосурет қажет.

Құжаттарды eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық нұсқада, соның ішінде «Әлеуметтік ID» арқылы да ұсынуға болады.

Жеңілдік санатына жататын азаматтар тізімімен CTS сайтында жарияланған жария шарттың қосымшасынан танысуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз: