Жастар ел аумағында 5 мыңға жуық ту іледі
«Әділет» партиясы «Менің Елім – Менің Туым» акциясын бастады. Осыған орай қалалар мен ауылдарда Республика күніне орай 5 мыңға жуық мемлекеттік ту ілінді, деп хабарлайды 24KZ.
«Әділет» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған патриоттық науқан 25-ші қазанға дейін жалғасады. Акция мыңнан астам белсенді жастарды, спортшылар мен кәсіпкерлерді және қарапайым тұрғындарды ұйыстырады. Ауқымды іс-шара Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынында басталды. Көк туды желбіреткен 500 адам әнұран орындап, KZ жазуын жазды. Ал Астанада ту Республика даңғылының бойындағы тұрғын үйлерге ілінді.
Айдар Күнтубай, «Әділет» партиясы Алматы қалалық жастар қанатының төрағасы:
– Жалпы іс-шараның мақсаты – жастарымыздың арасында, отандастарымыздың арасында патриоттық сезімді ояту. Бүгінгі іс-шарамызға 500-ден астам жас жұмылдырылды. Қазір жастарымыздың арасында осындай идеологиялық бағытта жұмыстарымызды біз әрқашанда жеделдетіп, насихаттауымыз керек.