Елде 500-ден астам ұшқыш жетіспейді

Қазақстанда 500-ден астам ұшқыш жетіспейді.

Жыл сайынғы қажеттілік те осы сандарға саяды. Отандық әуе компаниялары кейде шетелдік кадрларды тартуға мәжбүр. Алайда қазір мәселе шешіліп жатыр, дейді жауаптылар. Республикамызда салаға қажетті маман даярлайтын жалғыз бейінді жоғары оқу орыны бар. Алматыдағы Азаматтық авиация академиясы жылына 300-ден аса әуе саласы кадрларын даярлайды. Қажеттілікті жабу үшін тек санға емес, сапаға да мән береміз, дейді академия ректоры. Сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуден жиылатын шекті балды қайта қарастыру жоспарда бар.

Дәулет Мәмеков, Азаматтық авиация академиясының басқарма төрағасы – ректоры:

- Жыл сайын азаматтық авиациядағы ұшқыштарына қойылатын талаптар күшейіп жатыр. Бүгінге дейін Ұлттық бірыңғай тестілеуден 85 балдан жоғары жинаған түлектер осы мамандыққа оқуға түсіп келді. Енді жаңа оқу жылынан бастап шекті балды 95-ке дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Ал ағылшын тілін меңгеру дәрежесі, яғни IELTS 5-тен төмен болмауы қажет.

Сондай-ақ оқыңыз: