Ташкентте Республика күні аталып өтті
Ташкентте Қазақстанның Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Ұлы Абайдың ескерткіші алдындағы іс-шараға Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері және қазақ диаспорасының мүшелері жиылды, деп хабарлайды 24KZ.
Сөз алғандар ел тәуелсіздігінің қалыптасу тарихына тоқталды. Сондай-ақ екі ел арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атады. Концерт барысында халық әндері шырқалып, мың бұралған бишілер көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады