Ақмола облысында 20 инклюзивті кабинет ашылған

Ақмола облысында биыл инклюзивті білім беруге арналған 30 кабинет ашу жоспарланған.

Соның 20-сы жаңа оқу жылында пайдалануға берілді. Қалғаны жыл соңына дейін іске қосылады. Ерекше балаларды қолдау мақсатында жабдықталған сыныптарда арнайы педагогтар сабақ береді. Жалпы, өңірде ерекше білімді қажет ететін 15 мыңға мыңға жуық оқушы бар. 

Облыс орталығындағы №16 мектепте инклюзивті кабинет бар. Жақында ашылған сыныпта 17 бала тәлім алады. Балғындармен логопед, дефектолог және психолог  мамандар жұмыс істейді. Алдағы уақытта бала саны көбейеді. Себебі сұраныс жоғары, дейді мұғалімдер. 

Назерке Бегайдарова, логопед:

- Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2025 жылы логопедиялық көмекті қажет ететін балалар саны 14 болса, осы жылы 22 бала. Барлық осы ерекше білімді қажет ететін балалар осы мектепке келіп айналысса болады. 

Инклюзивті кабинеттер қалада ғана емес, шалғай ауылдар да  ашылып жатыр. Бұланды ауданына қарасты Қараөзек ауылындағы кабинетте білім беруге қажеттінің бәрі бар. Қазір мұнда 10 бала оқып жүр.

Қалимаш Дайырова, мектеп директоры:

- 10 баланың ішінде бесеуі біздің мектептен. Қалған бесеуі тасылмалдайтын балалар. Олар Аққайың мектебінен. Бұл кабинетте 4 аймақ бар. Бірінші рефлексия. Командалық жұмыс істейтін аймағы бар. Жеке істейтін аймақ және төртіншісі ата-аналармен жұмыс істейтін аймақ. 

Мектептерде инклюзия кабинеттің ашуылуы,  ата-анаға түсетін ауыртпалықты азайтты. Себебі қажет маманның барлығы бір жерден табылып, баланың дұрыс дамуына оң ықпал етеді, дейді олар.

Ақерке Байболатова, Қараөзек ауылының тұрғыны:

- Осы уақытқа дейін мен өз баламды үлкен қалаларға апарып жүргем. Специалисттерді  тауып, үлкен ақша төлеп. Енді осы кабинет ашылғаннан бері менің балам жеке специалисттармен аптасына бес рет жұмыс жасайды. 

Мақпал Қалиақпарова, облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Ақмола облысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау кабинеттері 2020 жылдан бері ашылып келеді. Бұл салаға Ақмола облыстық бюджеттен 375 млн.теңге шамасында қаражат бөлінуде жыл сайын. Соңғы 3 жылда біз 30 кабинеттен ашып келе жатырмыз. 

Мамандардың сөзінше, бірі сыныпты толығымен жабдықтауға шамамен 13 млн.теңге жұмсалады. Қазір облыс бойынша инклюзивті білім беруге арналған 148 сынып жұмыс істейді. Жалпы елде мыңнан астам арнайы кабинет бар.

Авторлары Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко

Сондай-ақ оқыңыз: