Жолдау жүктеген негізгі міндеттерді іске асыру. LIVE
Кешегі Жолдау – бүгінгі міндет, ертеңгі нәтиже. Президент жүктеген тапсырмаларды енді нақты іске айналдыру керек. Бүгін министрлер кабинеті бас қосып, Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын жүзеге асыру тетіктерін талқылап жатыр.
Басты мақсат – айтылған бастамаларды қағаз жүзінде қалдырмай, ел дамуына серпін беретін нақты нәтижеге қол жеткізу. Білек сыбана кірісетін алғашқы шаруа – Қазақстанды ауқымды құрылыс алаңына айналдыру, жолдарды жаңарту, ең төменгі жалақыны көтеру сияқты жұмыстар. Үкімет тағы немен айналыспақ?