Жолдау-2026: энергетика саласы жаңартуды қажет етеді
Қызылорда облысындағы энергетикалық тапшылық мәселесін шешуге электр желілерінің тозуы мен тарифтердің төмендігі кедергі келтіріп отыр.
Бұл мәселе бүгін Құрылтай депутаттарының «Қызылорда электр тарату тораптары» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесуінде жан-жақты талқыланды. Жаңа жылу электр орталығының іске қосылуы өңірде электр энергиясын өндіру көлемін едәуір арттырған. Алайда электр желілерінің тозуы өндірілген энергияны тұтынушыларға жеткізу кезінде қосымша шығынға ұшыратуда. Мемлекет басшысының 2029 жылға дейін елде тұрақты энергетикалық профицит қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін салада кешенді жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындаған. Кездесу барысында депутаттар өңірдегі энергетикалық нысандарды жаңарту жұмыстарын жеделдету, сондай-ақ коммуналдық тарифтерді экономикалық негізде қайта қарау мәселелеріне назар аударды.
Мұхитжан Кәрімбаев, энергетика саласының ардагері:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында аса үлкен проблема қылып осы электр энергия мәселесін қозғады. Бізде электр энергиясы жетіспейтіндігі, сырттан қымбат бағамен электр энергиясын сатып алатынымыз туралы, соның барлығын айтып өтті. Біздің жылу электр орталығына байланысты, біздің мынау электр тарату компаниясына байланысты, тарифке байланысты, сосын біздің жылу электр орталығының қондырғылары ескіргендігі туралы, оның бәрін заманауи технологиялық қондырғылар құру керек екенін, соны атап өттім.