ШҚО-дағы жылу электр орталықтарында жөндеу жұмыстары аяқталды

Дайындық барысында өңірдегі жылу нысандарының 8 қазандығы мен 3 турбоагрегаты күрделі жөндеуден өтті. Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша өңірдегі барлық жылу станцияларында отын қоры жеткілікті.

Жүргізілген жөндеу жұмыстары негізгі жабдықтардың қыс мезгіліндегі ең жоғары жүктеме кезінде де үздіксіз әрі сенімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Айта кетейік, Өскемендегі басты жылу электр орталығында жөндеу науқанына 17 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған. 

Азамат Бейімбетов, «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры

- Жылыту маусымына байланысты дайындыққа орай жүргізілген жөндеу науқаны барысында біздің орталықта 9 қазандық және 8 турбина жөнделді. Ауыстырылған жабдықтардың жалпы салмағы 440 тоннадан асады. Қазір технологиялық құрылғыларды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз: