ШҚО-ның 70 елді мекенін су басу қауіпі бар
Әсіресе, аудан орталықтары қалың қарға көміліп жатыр.
Құтқарушылар мен коммуналдық қызмет бригадалары болса көктемгі су тасқынынан қауіптенеді. Өңірде осы табиғи қатерлердің алдын-алу мақсатында су құбырлары тазарталып, арықтар ретке келтіріліп жатыр.
Бүгінгі таңда сала мамандарының негізгі міндеті 100-ден астам көпір астын қардан босатып, су өтетін дәліздер жасау. Айталық, коммуналдық қызметкерлер бастапқы бірнеше сағат тек су өткізетін жолдарды тазалайды. Олар қазірдің өзінде 86 мың текше метр қар шығарған. Ал негізгі мақсат 2 шақырымға жуық құбырды жылыту.
Жалпы әр көпірдің астындағы қарды толығымен тазалап, судың өтуіне жол ашылғандығына көз жеткізу маңызды.
Қаныш Мұқажанов, қала әкімінің бас инспекторы:
- Биылғы жылы Өскемендегі алты бұлақта мұз қату бар. Сондықтан жолдан өтетін құбырларды мұздан ыстық сумен тазалатып жатырмыз. Одан әрі көктемге қарсы бүкіл арықтарды қардан тазалаймыз. Қалың қар жауғанына байланысты қала көшелерінен әсіресе су тасқыны қауіпті жерлерден қар шығарып жатырмыз. Бүгінгі күні 85 мың текше мерт қар шығаралды.
Бүгінде облыс орталығында қар суын ағызатын 24 арық дайындалған. Басты назарда - Согра шағын ауданы. Онда қауіпті үш бірдей ағын бар.
Валентин Литвиненко, қалалық ТЖБ аға офицері:
- Өскемен бойынша су басу қаупі басым 11 учаске тіркегелген. Олардың басым бөлігі қаланың шетінде орналасқан. Ал ең қаупі жоғары аймақ - Согра шағын ауданы.
Тек облыс орталығында қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған 70-тен астам арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда 15 елді мекенде су басу қаупі тіркелмеген. Ал 46 аймақта қатер сәл де болсын сейілтілген.