Биыл Қазақстанның барлық өңірінде аусылға қарсы екпе жүргізіледі
Жұқпалы мал ауруының алдын алуға республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Егер вакцинация сәтті өтіп, халықаралық сарапшылар жоғары баға берсе, елдегі ет өндірісі «аусылдан таза» мемлекеттердің қатарына қосылуы мүмкін. Осылайша, отандық кәсіпкерлер өнімін әлемнің түкпір-түкпіріне кедергісіз экспорттай алады. Қарапайым мал иелеріне екпе тегін беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін аусылға қарсы екпе елдің 5 өңірінде ғана жүргізілген болатын.
Асқар Жақыпбаев, Ветеринариялық бақылау комитетінің төрағасы:
- Халықаралық бюроға мәліметтер берілді. Қазір сол жақтан комиссия тосып отырмыз. Наурыз, сәуір, мамыр айында 90-сессиясында Қазақстан аусылдан таза деген шешім қабылданады. Биыл біз бірінші жарты жылдықта барлық аурудың вакцинасын алып қойғанбыз. Сырғалары алынған, Әкімшікліктер жұмысын бастайды. Бұл жалғыз аусыл емес, 23 ауру бойынша.