Түркістанда суретшілер мен фотографтар байқауы аяқталды

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына орай қылқалам шеберлері мен фотографтар арасында ұйымдастырылған «Көне мен келешек көпірі» атты халықаралық байқау өз мәресіне жетті.

Аталған байқауға, түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанның тарихы мен бүгінгі көрінісі бейнеленген туындылар қабылданды. Оған еліміздің әр аймағынан 30-дан аса суретші мен фотограф қатысты. Байқау нәтижесінде, «Фотосурет» аталымы бойынша 1 орынды Шері Серік-болсын қанжы-ғаласа, 2 орынды Асыл Жұма-ханов иеленді. 3 орынға Антон Лищенко мен Ұлпан Әбдір-ахман жайғасты. Ал, «Қылқалам шеберлері» аталымында, Темірбек Нұрма-шов жеңімпаз деп танылды. 2 орынды Мұрат Шахан-баев, 3 орынды Серік Қина-баев пен, Ержан Рысымбетов місе тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, арнайы алғыс хат және қаржылай сыйлықпен марапатталды. Айта кетейік, байқау биыл «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен алғаш рет өткізілді.

Индира Икапова, оқушылар сарайының директоры:

- Түркістанмен кесененіекі бөліп қарауға болмайды. Өйткені Түркістанды кесенесіз елестету өте қиын. Кесенені Түркістансыз елестету өте қиын. Сондықтан осы байқауды ұйымдастырып отырған себебіміз, жас суретшілерді, фотографтарды қолдау. Алда жоспарда бар бұл байқау енігі жылы жалғасын табады дейміз.