Амангелді Сейітхан атындағы турнирде Қызылорданың командасы жеңіп шықты
Аталған турнир өз мәресіне жетті.
Жүлделі бірінші орынды Қызылорданың “Ақмешіт” командасы жеңіп алды. Екінші орынды астаналық “Казмедиа” командасы олжаласа, үшінші орын атыраулық ойыншыларға бұйырды.
Қатысушылардың айтуынша, ойын тартысты өтті. Жарыс қорытындысымен түрлі аталым бойынша сыйлық табыс етілді.
Атап айтқанда, “Үздік қорғаушы” номинациясында Тараз командасының ойыншысы Нұржан Туғанбай үздік деп танылды. Ал,“Үздік шабуылшы” номинациясы Хабар” Агенттігінің” Басқарма төрағасы Берік Уәлиге табысталды. “Үздік ойыншы” болып “Ақмешіт” командасының ойыншысы Әділбек Жақанов танылды. Ал биыл жаңадан тағайындалған “Құрмет” аталымы бойынша “Казмедиа” командасынан Мұқтар Тұртаев марапатталды.