Жетісу облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

Жетісу облысындағы бес ауданда ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр.

Жергілікті халықтың өз таңдауын жасау үшін 29 сайлау учаскесі ашылған.

Кербұлақ ауданындағы үш ауылдық округте сайлау өтіп жатыр. Солардың бірі мына біз тұрған Жоламан елдімекені. Бұл әкімшілік аумақтың құрамына іргелес жатқан Сәмен, Малайсары станциясы да кіреді. Үш ауылда мыңнан аса сайлаушы тіркелген. Олар таңертеңнен бері келіп өз таңдауын жасап жатыр. Көпшіліктің қолдауына ие болған әкімнен тұрғындар зор үміт күтеді. Себебі іргетасы 60 жыл бұрын қаланған ауылда шешілмеген әлеуметтік мәселелер көп.  

Руслан Таласбаев, ауыл тұрғыны:

- Ауылымыздың көркейюіне мәдениет үйін салып жатыр, ауылда ауыз су проблемасы бар, жол проблемасы бар. Барлық дерде бар ғой. Сол проблемаларды шешіп береді деп ойлаймын. Өзінің де программасы бар ғой. Сол ауыл азаматы болған соң орындайды деп ойлаймын.  

Құралай Әлімжанова, ауыл тұрғыны:

- Біздің Жоламанымызда үлкен той болып жатыр. Жоламанымызға 60 жыл толды. Өте қуаныштымыз ел жұрт болып Сәмен батыр, Жоламан батыр ауылының ортасында қазақ үй палатка тігіліп, бүкіл халық концерт, көкпар бәйге айтып өтіп үлкен той болып жатыр. 

Жалпы Жетісу облысының Ақсу, Көксу, Кербұлақ, Ескелді және Сарқан аудандарындағы сегіз ауылдың әкімі жаңадан сайланады. Сайлауға түсуге 21 үміткер өтініш берген. Соның жетеуі партия атынын ұсынылды.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев