Елордада халықаралық иттер көрмесі өтіп жатыр

Елордада екінші күн қатарынан иттер көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 300-ден астам саққұлақ қатысып жатыр.  Халықаралық шараға Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен де итқұмар жандар келген. Алғашқы ондықтағы ит тұқымдарын халықаралық кинология қауымдастығы таныған. Ал соңғысы – қазақтың құмай тазысы. Ол әзірге халықаралық деңгейде таза тұқым деп танылмаған. Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, ол үшін шамамен 10 жылдай уақыт қажет. Себебі тиісті стандарттар дүниежүзінің мамандарымен жіті тексерілуі тиіс.

Евгений Мичковски, көрме ұйымдастырушысы:

- Стандарттары бар және түрлі көрмелерге қатысу құқығына ие болса да, қазақтың тазысын қазір халықаралық қауымдастық танылмаған ит тұқымы ретінде бекіткен. Әлемде мұндай санатқа жататын иттер жетерлік. Жалпы тазының стандартын Қазақстан әзірлейді. Ол жақын арада халықаралық ұйымға жолданады. Біздегі иттердің осы талапқа сәйкестігі 10 жыл бойы тексерілуі мүмкін. Содан соң ғана интер чемпион деген халықаралық атақ беріліп, қазақтың құмай тазысы шынымен таза тұқым деп әлемде танылатын болады.