Қазақстанда АЭС салу үшін шамамен 12 млрд доллар қажет болуы мүмкін

Мұны Энергетика министрлігінің өкілдері хабарлады. Нақты сома әлі жарияланған жоқ.

«Өйткені оның қалыптасуына көптеген фактор әсер етеді», - деді сала өкілдері. Сарапшылар бүгін ауқымды жобаны іске асыруды талқылады. Бұған дейін станция Алматы облысындағы Үлкен кентінде орналасатыны айтылған. Атом технологияларын жеткізушілердің тізімінде Қытай, Ресей, Франция және Оңтүстік Корея бар. Экологтар АЭС радиациясының қауіптілігін зерттеп жатқанда, энергетиктер Қазақстанда электр энергиясына сұраныс жыл сайын жарты гигаваттқа артып жатқанын ескертеді. Осылайша, 10 жылдан кейін атом электр станциясы елдегі жалпы тұтынылатын энергияның 12%-тін жаба алады. Мемлекет басшысы 2060-шы жылға қарай көміртегі бейтараптығына көшуді тапсырған. Әзірге елдегі қуаттың 70%-ы көмірден өндіріледі.

Гүлмира Мурсалова, ҚР Энергетика министрлігі департаменті директорының орынбасары:

- Қазір болжамды электр балансына сәйкес біз қуаты 2,8 гигаваттқа дейінгі екі атом станциясын жоспарлап отырмыз. Әрине, болашақта атом энергетикасын дамытуды да қарастыруға болады. Мысалы, қазір әлемде шағын модульдік реакторлар қолданылады. Біз де осы мәселелерді зерттейміз.

Құмар Аусенов, "Қазақстандық АЭС" компаниясының жетекші инженері:

- Санитарлық қорғау аймағын алаңмен шектеуге болады. Олар ең қауіпсіз, апат 10 миллион жылда бір рет болуы мүмкін. Энергия тапшылығынан атом элекстр станциясына қажеттілік туындады. Қазақстанда тұтыну көлемінің ең жоғары деңгейі 1 гигаваттқа жетеді, яғни энергия тапшылығы қазірдің өзінде бар.