Ә.Смайылов: Төтенше жағдайға жол беруге болмайды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жанғыртуды үйлестіру жұмыстарының төмен деңгейде жүргізілгені үшін, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасына сөгіс жарияланды.

Ұлттық Экономика министріне де ескерту жасалды. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, коммуналдық кәсіпорындар, тарифті түзету және жаңғырту процесін бастауға, қажетті құжаттар баяу дайындалып жатыр. Және алдағы жылу беру кезеңінде, былтырғыдай төтенше жағдайға жол беруге болмайды. Елдегі тозығы жеткен су, электр және жылу желілерінің 20 пайызға азайту көзделіп отыр. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Үкімет «Инвестицияға тариф» жобасын әзірледі. Әкімдіктегілер коммуналдық саладағы барлық жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыруға және үйлестіруге міндетті. Оны созбалаңға салуға болмайды. Желілер мен станцияларды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын жедел бастау – маңызды. Ол ең басты міндетіміз болып отыр!