Атырауда 35 тұрғынның бизнес жобасы мақұлданды

Атырауда жастарға арналған 2,5%-тік несиені алуға өтінім берген 35 адамның жобасы мақұлданды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жалпы биыл 136 жас кәсіпкерге жеңілдетілген несие беру үшін 680 млн теңге қаражат бөлінген. Бұл қаржы толық игеріліп, сондай-ақ сұраныс көбейсе, тағы да қаражат сұралады, - дейді жауаптылар. Ниет білдірген жастың көбі ауыл шаруашылығы саласы бойынша өз кәсібін бастауды жоспарлап отыр. Олар мал басын көбейтіп, облыс тұрғындарын сапалы сүт өнімдерімен қамтымақшы.

Азамат Мәмбетов, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Басым бөлігі ауылдардан, аудандардан. Мал шаруашылығы бар, құс өсіру бар, жұмыртқа өндіру бар, одан бөлек, туризм саласы бойынша да жобалар түсіп жатыр, одан бөлек, қаламызда СТО, «шиномонтаж» секілді кәсіптерге жастардан жобалар түсіп жатыр.