Астана әуежайына қауіпсіздікке сеп болатын техника сатып алынды
Елордалық әуежай қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайды.
Осы мақсатта жаңа техникалар сатып алынған. Қыстың күні қар мен мұздан тазалайтын арнайы көлік келді. Тағы бірнеше техника әуежайға жеткізілген.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына жаңа техникалар жеткізілді. Әуе айлағының дамуы үшін жағдай жасалып, күзгі-қысқы навигация жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Кез келген ауа райы жағдайында үздіксіз жұмыс істеу үшін ұшақ қанатын қар мен мұздан тазалайтын заманауи көліктер сатып алынды.
Еркін Рыспаев, ПСО қызметінің жетекші инженері:
- Ол техника сол қыстың күні мұздан сақтайды. Ол сұйықтық екі типке бөлінеді. Тайп 1 ол ол қарды, мұзды жоюға арналған. Тайп 4 қар, мұздан сақтау үшін арналған.
Әуежайға отын құю машиналары да жеткізілген. Барлық техникалық тексеруден өткен көліктер жұмысқа сақадай-сай. 60 тонналық жанар-жағармай тасымалдайтын көлік әуежайдағы ұшақтарды үздіксіз қамтамасыз етуге жарап тұр. Сондай-ақ техника паркін жабық кабиналы машиналар толықтырды. Ол мұздан тазартатын сұйықтықты кем дегенде 40 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Және жылдамдығы 15 метр секундтан асатын желге қарамастан, ұшақтың ұшу деңгейін жақсартады.
Ербол Саликов, жерүсті көлік қызметінің басшысы:
- 2023 жылы екі отын құю машина келді. Олар әуе кемесіне отын құяды. Енді әуе кемесі біізге қонғаннан бастап керосин құюмен айналысады. Ауыр жүк кемелері келгенде бір машина тоқтамастан бір самолетқа отын құя алады. Енді биылғы жспарда тағы алу бар. Тағы сондай екі машина келуге тиіс бізге.
Жыл сайын әуе кемесінің саны артып келеді. 2022 жылы ұшақтар саны 16,8 пайызға көбейген. Ал биыл 15 пайызға артады деп күтілуде. Қазір бұл бөлімде ұшақтарға қызмет көрсететін 120-дан аса техника бар.
Альмира Оразбай, Гүлзия Нақыпқызы