Алматы облысында «Үлгілі отбасы» байқауы өтті
Халықаралық отбасы күніне орай Алматы облысында «Үлгілі отбасы» байқауы өтті.
Облыстың әр ауданынан келген он жанұя ұлттық ойын ойнады. Атқа мініп, асық асытып, түрлі эстафеталарда жарысты.
«Үлгілі отбасы» жас отбасылар арасындағы байқау табиғаты әсем Талғар тауларының бөктерінде өткізілді. «Ғұн» этноауылына жиналған жанұялар бір бірімен танысып, тартысты жарыс жасады. Ерлер жағы ат ерттеді. Ептілік сыны қошқар көтерумен жалғасты. Ең көп көтерген жігіт семіз қойды жеңіп алады. Сонымен бірге балалар қызықты эстафеталарға қатысты.
Серік Темірғали, байқауға қатысушы:
- Әр ауданнан келген, әр ауылдан келген отбасылар бір-бірімен жақсы достасып,сайысып өте бір жақсы тамаша, таудың бойында өтіп жатыр. Склотбасында бақытты болу үшін мен ойлаймын сезім ұштасуы керек, адам бір бірін силау керек. сезім ұштасса ары қарай барлық қиындықты жеңіп шығуға болады деп ойлаймын.
Ал әйелдер жағы қазан қайнатып, қамыр жайды. Бауырсақ пісіріп, аспаздық шеберліктерін көрсетті. Қатықтан құрт жасап, бар өнерлерін ортаға салды. «Байқау мақсаты отбасы құндылығын дәріптеу» дейді ұйымдастырушылар.
Бота Елеусізова, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:
- Жалпы жарыстың мақсаты конкурстың әрбір отбасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Ұлттық тәрбиені, қолөнер, өнер, жалпы отбасы сапасын, құндылығын арттыратын, отбасын біріктіріп, ұйыстыратын кезеңдерден тұрады. Қатысушылар үлкен дайындықпен келген. Ертеңгі күні қатысып жүрген балалар да гаджеттар имен телефондарға телмірмей, осындай спортқа, ат ерттеу, бауырсақ пісіру. Аналар қасында қыз балалар жүр. Скл дүниелерді үйреніп, келесі жылы бұдан да жоғары дайындықпен келеді деп ойлаймын.
Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Қарадала өңірінен келген Қатаевтар отбасы жеңіп алды. Іс-шарада «Алатау әуендері» ансамбльінің өнерпаздары концерттік бағдарлама қойды.
Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев