Damumed Денсаулық сақтау министрлігіне берілді
«ДамуМед» деректер қоры Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.
Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың қатысумен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында мәлім болды. Енді «Е-Денсаулық» жүйесі базасында бірыңғай республикалық медициналық деректер қоры құрылатын болады. Үкімет басшысы, арнайы жүйені енгізуді жеделдетіп, заңнамалық түзетулерді дайындау қажеттігін атап өтті.