Астанада мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті
Оған жүзден астам адам келді.
Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен өткен шараны Мүгедектігі бар азаматтарды кәсіби оңалту орталығы ұйымдастырған. Мекеме 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Олар ерекше қажеттіліктері бар жандарға жұмысқа тұруға жәрдемдесіп, жарты жыл бойы сүйемелдейді. Мамандардың айтуынша, бос орындарға сұраныс көп. Жұмыс орны әр мүгедектік тобына сәйкес болуы тиіс. Бірақ кейде вакансиялар ол талаптарға сай келмейді. Сондықтар кейбір ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін бос орын табу қиын көрінеді. Бүгінгі жәрмеңкеге Еуразия ұлттық университетінде инклюзивті білім алатын студенттер де қатысты.
Айдана Макышева, мүгедектігі бар азаматтарды кәсіби оңалту орталығының әлеуметтік қызметкері:
- Бүгінгі таңда біз өөзіміздің үшінші реттік көрмемізді, мүгедектігі бар адамдарға арналған бос орындар көрмесін өткізіп жатырмыз. алдыңғы көрмеге 180-ге жуық мүгедектігі бар адам қатысқан болатын. бүгінгі таңа 30-ға жуық жұмыс берушілер және 100-ден астам жұмыс іздеп келуішлер күтілуде.
Жамбыл Тілепов, Еуразия ұлттық университетінің Жастар департаментінің директоры:
- Жалпы университет бойынша 134 сол категорияға жататын білім алушы бар. Соның 33-і биыл оқу бітіріп жатыр. 2 докторантурада. қалғандары бакалавриат бойынша оқуын тәмімдап жатыр. Сондай-ақ инклюзивті қолдау қызметі оқу бітіргеннен кейін әрі қарай жұмысқа орналасуына біздің серіктер мекемелермен бірігіп меморандум жасаған.