Елде зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейтілді

Кәмелетке толмағандандарға зорлық-зомбылық көрсету және қорлауға қатысты жаза қатаңдады.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, балалардың өз ата-анасының қолынан зорлық-зомбылыққа ұшырау фактілері бар. Сондықтан, мұндай жағдайлардың алдын алу жұмыстары тиянақты жүргізіліп, жаза күшейтіледі.

Еске сала кетейік, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша 2025 жылға дейінгі кешенді жоспар әзірленген. Қазір елді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін 43 дағдарыс орталығы жұмыс істейді.

Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице министрі:

- Жалпы, балаларды қорғау мәселесінде мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, қоғам белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен қатар, ата-аналардың бірлесіп тізе қосып жұмыс істеуі маңызды.Осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.