Биыл Хусам ад-дин ас-Сығанақтың туғанына 800 жыл

Биыл есімі ислам әлеміне кеңінен танымал ғалым - Хусам ад-дин ас-Сығанақтың туғанына 800 жыл.

Осыған орай «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғұламаның ғылыми-діни бағыттағы мол мұрасы бүгінгі күнге дейін жеткен. Оның еңбегін зерттеген ғалымдардың айтуынша, Хусам ад-дин ас-Сығанақи еліміздегі ислам дінінің құқықтық мектебінің негізін қалаушы. Халықаралық жиынға 8 мемлекеттің өкілі қатысып, 8 ғасыр бұрын өмір сүрген ғалым туралы зерттеулерімен бөлісіп, баяндама жасады. Екі күндік семинарда ғалымдар мен зерттеушілер ескі құжаттарды қалпына келтіріп, зерттеу тәжірибесімен бөліседі. 

Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти:

- Халықаралық деңгейдегі ғалымдардың келуі, мұндай конференцияда баяндамалар жасауы, осындай ұлы тұлғалардың танылуы, біздің қасиетті қалыптасқан, насихатталған ислам дінінің құндылықтарын зерттеу арқылы қазіргі таңдарда болып жатқан әртүрлі діни теріс ағымдардың алын алу және теріс ағымға түскендерді оңалту жұмысына өте қажет болады, деп есептейміз.