Ақтөбеде қолөнерлердің шеберлік сағатты өтіп жатыр. LIVE
Дәл қазір ақтөбелік қолөнерлер тегін шеберлік сабағын өткізіп жатыр.
Он саусағынан өнер тамған жандардың еңбегі мен туындыларын облыстық музейден көруге болады. Мұнда бүгінгі халықаралық мерекеге орай 60-қа жуық ұлттық қолданбалы өнер шебері бас қосқан.
Облыстық музейдің кіре-берісі бүгін үлкен ұстаханаға айналған. Зергерлік пен тоқыма, қыш илеп құты жасау мен киіз басу өнерімен танысуға болады. Өңіріміз бен елмізге белгілі қолөнер шеберлері кезекті туындыларын көрермен алдында жасауға кіріскен. Тіпті ата-бабаларымыздың әдіс-тәсілдерін қайта жаңғыртып жүргендер де бар. Таныстыра өтейін. Бұл Болат Атыраубаев деген зергер. Заманауи құрал-саймандардан бөлек көненің көзіне айналған көріктерді де қолданып жүр.
Көрермендері бүгін шеберлік сағаттары мен тұрақты экспозициялардан бөлек бірнеше жаңа кешендерді тамашалай алады. Музейдегі түннің биылғы үлкен ерекшелігі ғұн дәуірі тақырыбы боп тұр. Олардың әдет ғұрпынан шағын көрініс әзірленіп, тұрмыс-тіршілігі сомдалған баспана да орнатылған. Жалпы алдағы жаз айларында Ақтөбе өңірінде өтетін археологиялық қазбалардың барлығы ғұн дәуірін зерттеуге арналады. Облыс көлемінде ондаған қорым мен тарихи орындардың бар екендігі белгілі.
Музейге келушілер қатарының минут сайын көбейіп жатқандығы байқалады. Көпшілік көлеңке биін тамашалауға бет алған сияқты. Жалпы бүгінгі музейдегі түн сағат 02:00-ге дейін жалғасады.