Таразда қарияның пәтерін өз атына аударған алаяқ ұсталды
Таразда мүгедектігі бар адамның пәтерін өз атына аударған алаяқ ұсталды. Ол ақыл есінде ауытқуы бар қарияның екі бөлмелі баспанасын 9 миллион теңгеге сатып жіберген. Қарияның туыстары прокуратураға арызданғаннан кейін күдікті полицейлердің қолына түсіп, баспана иесіне қайтарылды.
Құзырлы орган өкілдері 25 жастағы жігіттің «үй алып беремін» деп тағы бір адамның 2 миллион теңгесін иемденіп алғанын анықтады. Ал жүйке жүйесі ауруына шалдыққан адамға қол қойғызып, құжат рәсімдеген нотариуске қатысты іс қозғалды.
Үміт Мырзаева, қалалық прокуратураның аға прокуроры:
- ҚР ҚК 190-бап 3 тармағымен қазір қылмыстық іс қозғалды, тергелу үстінде. Тараз қалалық сотымен екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторында санкцияланып, қамауда отыр. Қылмысқа қатыстылығы бары дәлелденген жағдайда 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.