Елде синтетикалық есірткіні сату тыйылмай тұр

Жыл басынан бері елордада психотроптық өнімді таратқаны үшін 34 адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қазіргі таңда сотта 11 адамға қатысты іс қаралып жатыр. Оның ішінде бүгін «наша сату және тарату» фактісі бойынша 2001 жылғы азаматтың ісіне қатысты ашық сот отырысы өтті. Оған астаналық 2-інші және 3-інші курс студенттері арнайы қатыстырылды. Себебі соңғы жылдары прокурорлардың айтуынша, жастар арасында есірткі тарату фактісі жиілеп кеткен. Ал студенттердің мұндай сот процесінің көрсетіліміне қатысуы заңбұзушылықтарды азайтуы тиіс.

Елдар Нұрмаханов, Астана қалалық прокуратурасының басқарма бастығы:

- Жастардың қатысуымен өткізудің басты мақсаты – Астана қаласы осыған ұқсас қылмыстардың студенттермен жасау дерегі күрт өсіп жатыр. Сот отырысының маңыздылығы жастарға сотталушы өздерінің замандасы екенін және есірткі заттарын тасымалдау аса ауыр қылмыс екенін, ол үшін қатаң жаза көзделгенін түсіндіру болып табылады.

Әлішер Әбдірахман, студент:

- Процеске студенттердің келгені өте дұрыс болды. Жас жігіттердің, қыздардың барлығының бұл іске бармауына үлкен септігі тиді деп ойлаймын.