Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын насихаттау
Шәкірім Құдайбердіұлының шығармаларын кеңінен насихаттау үшін тың әдістемелер мен бағдарламалық өзгерістер керек.
Қазақстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Болгария мемлекеттері білім беру жүйесінің өкілдері Алматыдағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында» бас қосып, Шәкәрімнің еңбегін зерттеу, тарату мәселелеріне қатысты тиімді ұсыныстарды талдады. «Мәселен, еліміздің мектеп бағдарламасында Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылық туындыларына небәры 3 сағат берілген. Бұл, ойшылды терең тануға аз», - дейді пән мұғалімдері. Ал Өзбекстан Республикасы Қоқан мемлекттік педагогикалық институтының ғалымдары Шәкәрімді өз ойшылдарымен қатар оқытуды ұсынды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы бойынша электрондық жинақ шығарылады
Меруерт Бисенбаева, "Өрлеу" АҚ филиалының әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының меңгерушісі:
- Басымдық беру керек, осы қазіргі өмірмен оқушыларға қазіргі өмірмен байланыстыра отырып оқыту, айталық, Шәкәрім шығармаларын өздерінің өзбектің ұлы ақын жазушыларымен салыстыра отырып оқыту мәселесін қойып отыр, қазіргі кезде. Яғни екі елдің ұлы ғалымдарының ойышылдарының шығармаларының үндестігін тауып отыр.