Алматыда AUES түлектерінің кездесуі өтті
Түлектер кездесті. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің алғашқы түлектерінің оқу бітіргеніне-40 жыл.
Осыған орай жоғары оқу орны, салтанатты шара өткізді. Университет еліміздің инфрақұрылым секторына, білікті мамандар даярлап келеді. Ал биылдан бастап цифрландыру және жасыл энергетика саласына еніп жатқан өзгерістерге орай, тағы бірнеше мамандық қосуды жоспарлап отыр.
Алматы энергетика және байланыс университеті түлектерінің оқу орнының қабырғасында кездесуі дәстүрге айналған. Бірақ бұл жолғы шара ерекше. Осы жоғары оқу орнының алғашқы түлектері 40 жылдан соң кездесті. Олардың барлығы дерлік өз саласының білікті мамандары атанып, еліміздің энергетика, телекоммуниация және байланыс саласының дамуына үлес қосты.
Мұрат Сыздықов Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры:
- Негізгі мақсат осы университетті әр жылдары бітірген түлектердің басын қосу, олармен тығыз қарым қатынас орнату. Өзіміздің университет туралы, соңғы қандай трансформацияға жол тартқанымыз туралы бөлісу.
Оқу орнының басшылары түлектерге университеттің жаңа бағыт-бағдарын танстырды. Бұл Energo University деп аталатын жаңа бренд. Осылайша жоғары оқу орны цифрландыру және жасыл энергия сияқты әлемдік трендті қолдайтындығын білдіреді.
Аcқарбек Құсайынов Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті:
- Ашылғанда 1975 жылы Советтер одағында 3-ші энергетика институты болып ашылған. Үшінші энергетика институты. Содан бері бұл институттың дамуы жақсы. Жалпы энергетика саласында радио, связь, басқа да салаларда осы институтты бітірген түлектер жұмыс істеп жатыр.
Жоғары оқу орны телекоммуникация саласындағы компаниялармен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Мәселен, Қазақстандағы ең ірі ұялы байланыс операторларының бірі университет түлектерін бірден жұмысқа қабылдайды. Мамандар даярлау жағынан да бірлескен жобалары бар.
Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Әбен Нарымбаев