А. Құрманбековтің «Айбын» ордені анасына табысталды
Қызметтік борышын өтеу барысында көз жұмған сержант Арслан Құрманбековтың III дәрежелі «Айбын» ордені анасына табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
8 мамырда 30 жастағы аға өрт сөндіруші Іле-Алатау табиғи паркіндегі тау баурайында қайғылы жағдайда қаза тапты. Тілсіз жау 3 гектар аумақты жалмаған. Өртпен күресуге 70 құтқарушы мен «Қазавиақұтқарудың» 2 тікұшағы жұмылдырылған еді. Президент жарлығымен батырға құрмет көрсетілді. Орденді Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев табыстады.