БҚО-да қаржы пирамидасын құруға қатысты күдікті ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті «Life is good» және «Hermes» атты қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша күдіктіні ұстады.

Ол жеке тұлғалардан 24%-дан 54%-ға дейінгі мөлшерде төлемдер беру уәдесімен, қаражаттарын алып алған. Тергеу соты күдіктіге қатысты 2 айға "Қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тартылған қаражат көлемі 120 млн теңгені құрады.

Еске сала кетейік, кеше Қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады.