Шымкенттегі зообақта қызыл қасқыр күшіктеді
Шымкенттегі хайуанаттар бағының ұжымы осыдан 1 ай бұрын дүниеге келген қызыл қасқырдың бөлтірігін келушілерге көрсетті.
Орталық және Оңтүстік Азиялық қасқыр жұбынан алынған алғашқы бөлтірікке «Ракша» деп ат беріпті. Бастапқыда арнайы құнарлы тағаммен қоректендірсе, қазір ет бере бастаған. Себебі Майк пен Чакки алғашқы бөлтірігін бауырына баспай, жатырқаған. Сондықтан оған бөлек тұрақжай дайындап жатыр.
Бақыт Оразбаева, хайуанаттар бағының бөлім меңгерушісі:
- Анасының бірінші тумасы болғандықтан баласын қабылдаған жоқ. Сол үшін біз оны анасынан бөлек алдық. Ветеринарлық дәрігеріміз арнайы емізікпен азықтандырды. Қазіргі таңда ол қызыл қасқыр күшігінің жағдайы жақсы. Айналасына қызығушылықпен қарап, танып-біліп жатыр.