Арал теңізіне бөлінген лимиттің сақталуын ешбір орган қадағалап отырған жоқ
Арал теңізіне бөлінген лимиттің сақталуын және орындалуын бақылап отырған орган жоқ.
Сондықтан мемлекетаралық келісімге «кепілдендірілген келісім» статусын беру қажет. Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының депутаттары бүгін осындай мәлімдеме жасады. Олар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен вегетациялық кезеңде бөлек су лимитін белгілеуді, Фархад су торабынан санитарлық су жіберу бойынша келіссөздер жүргізуді ұсынып отыр. Сондай-ақ көктемгі тасқын кезінде 1 млрд текше метр су жинау мүмкіндігі бар. "Ол үшін Қараөзек арнасының бойындағы 3 тоспаны қалпына келтіру қажет", - дейді. Депутаттардың айтуынша, теңізге жыл сайын кемінде 3 млрд текше метр су түсуі қажет. Өкініштісі, кейінгі 12 жылда ол 8,5 млрд текше метрге азайған. "Яғни үштен бірінен айрылды" дейді.