Тобыл қаласы мен Заречное елді мекенінде ауызсуға шектеу қойылды
Қостанай облысындағы Тобыл қаласы мен Заречное елді мекенінде ауызсуға шектеу қойылды.
Жеке сектор мен көпқабатты тұрғын үйлерге су бірнеше сағатқа ғана қосылады. Жергілікті әкімдік мұны күн ысып жұрт суды бау-бақша суаруға шамадан тыс мөлшерде пайдаланып жатқанымен түсіндірді. Сондай-ақ, аймақта құрылыс жұмыстары қарқын алып тұтынушы санының артуы да әсер еткен. Өңірде соңғы үш жылда 11 көпқабатты тұрын үй мен 230 жеке тұрғын үй бой көтерді. Салдарынан жаз мергілінде ауызсу тапшылығы айтарлықтай сезіле бастады. Қазір облыс орталғынан елді мекендерге қосымша су құбыры жүргізіліп жатыр. Оған бюджеттен 1 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді.
Андрей Фищук, "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" МКК директорының орынбасары:
- Қазіргі уақытта су қоймасында 1500 текше метр су бар. Біз қалай болғанда да кем дегенде 300-400 куб суды ұстап отырумыз керек. Сондықтан тіршілік нәрін тарату кезінде осындай шектеулер қойып отырмыз.
Анар Қазыкенова, Қостанай ауданы әкімдігінің ресми өкілі:
- Мердігер компания есептеуіш құрылғыларды орнатып, құбырларды жуып дезинфекция жасауы керек. Жалпы құрылыс жұмыстары 1-маусымға дейін аяқталуы тиіс. Егер мердігер компания өз міндеттемелерін орындап үлгермесе, заң аясында жауапкершілікке тартылады.