Елде криминалистикалық цифрлық зертхана іске қосылды
Елде криминалистикалық цифрлық зертхана пайда болды.
Заманауи технологияның көмегімен енді полицейлер алаяқтарды дер кезінде ұстап, кінәсіз жандарды қамауға алу қаупін азайтпақ. Сондай-ақ, зертхана құқық бұзушыларды анықтауға, тергеу ісіне серпіліс береді. Мұнда мамандар бағдарламалық-аппараттық кешендер арқылы компьютерлік-техникалық зерттеулер жүргізеді. Одан бөлек, портреттік талдау жүргізуге болады. Осылайша заң бұзған адам деректер базасынан автоматты түрде анықталады.