Үкімет өрттің алдын алу шараларын күшейтпек
Үкімет бұдан былай өрттің алдын алу шараларын күшейтпек, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жаңа қаулыға сәйкес төтенше жағдайларды жоюға тартылатын тікұшақтарға арналған 26 жаңа су шашу құрылғысы сатып алынбақ. Ол үшін 623 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Олар қала маңындағы аумақтармен бірге республиканың шалғай аудандарында да қолданылады. 10-15 секундта 5 тонна су жинап, оны 6 секунд ішінде төге алатын қосымша құрылғылардың көмегімен авиация орман алқабындағы алапат өртті тез арада сөндіре алады. Сонымен қатар құтқарушылардың әуе паркі өрт сөндіру, адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялау бейімделген Ми-8 тікұшақтарымен толықтырылады. Жалпы аталған шаралар табиғи өртпен күрес кезінде арнайы қызметтердің жедел әрекет ету мүмкіндіктерін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.